Қайтыс болғандарды өртеуге рұқсат берілді

1 Наурыз, 13:00 2732

Қырғызстан парламентінің депутаты Марлен Маматалиев елде мемлекеттік крематорийлер салынатынын айтты, деп хабарлайды EL.kz ақпарат агенттігі.

Сонымен қатар, елде марқұмды өртеу керек деген пікірді қолдайтындар аз емес.

Қазір бұл заңда белгілі бір дін өкілдерін кремациялау мүмкіндігі қарастырылған. Крематорийлер түрлі аурудан өлген жануарларға да арналған. Қазір олардың мәйіттері қарапайым қоқысқа лақтырылып жатыр, - деді Марлен Маматалиев.

Депутаттың айтуынша, кремациялау оңай болмайды. Оны тиісті органдар қатаң түрде жүргізеді. Сонымен қатар туыстары мәйіттің растау құжаттарын көрсетуі керек.

Мөлдір Қайнар
Бөлісу: