Қайрат Сатыбалдының анасы Светлана Назарбаева өмірден өтті

22 Қазан, 14:19 725

Нұрсұлтан Назарбаевтың немере інісі Қайрат Сатыбалдыұлының анасы Светлана Мырзахметқызы дүниеден озды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Светлана Мырзахметқызы Назарбаева ұстаз болып қызмет еткен. Сондай-ақ «Дәуір» баспасының бас директоры. Светлана Назарбаева Сатыбалды Назарбаевтың (1947-1981) әйелі болған. Ол Қайрат Сатыбалдыұлы мен Самат Әбіштің анасы. 

Сонымен қатар Светлана Назарбаева жылжымайтын мүлікті жалға берумен айналысатын «Интердизайн-АС» астаналық компаниясының иесі.

Қайрат Сатыбалдыұлы – Қазақстанның тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың немере інісі.

EL.KZ
Бөлісу: