Қайрат Сатыбалдының 230 миллион долларлық эксклюзивті асыл тастары елге қайтарылды

2 Қараша 2022, 10:51 1869

Бұл туралы Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі мәлімдеді

Шет елдерден құны 230 миллион АҚШ долларынан асатын эксклюзивті асыл тастар мен зергерлік бұйымдар елге қайтарылды, деп хабарлайды El.kz. Бұл туралы Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі мәлімдеді.

«Қайрат Сатыбалдыұлы мен басқа да адамдарға қатысты қылмыстық жолмен алынған ақшаны және өзге де мүлікті заңдастыру (жылыстату) фактілері бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жалғасуда.

Жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде алыс шет елдерде фигуранттарға тиесілі, құны 230 миллион АҚШ долларынан асатын, мемлекет кірісіне айналдырылған эксклюзивті асыл тастар мен зергерлік бұйымдар елге қайтарылды» делінген хабарламада.

Сонымен қатар, Қ. Сатыбалдыұлының шетелдік бағалы қағаздарға 300 миллион АҚШ долларын салу фактісі анықталды. Көрсетілген сома жақын арада Қазақстан бюджетіне түседі.

Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша заңсыз әкетілген капиталды іздеу және елге қайтару жалғасуда.

 

EL.KZ
Бөлісу: