«Қайрат» Португалиядағы турнирде жеңімпаз атанды

27 Тамыз 2023, 22:39 691

Алматылық «Қайрат» футзал клубы Португалиядағы Record International Masters Cup 2023 турнирінің жеңімпазы атанды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

«Қайрат» турнирдің соңғы ойынында «Брагамен» кездесіп, Денер Родригоның матч соңында соққан голының арқасында 1:0 есебімен жеңіске жетті. 

Осылайша, алматылық клуб Портиманда топтық кезең форматында өткен жарыста жеңімпаз атанды.

«Қайрат» оның алдынба «Спортингті» 6:3, ал «Бенфиканы» 5:2 есебімен жеңген болатын.

Перизат Саденова
Бөлісу: