Қайрат Нұртастың анасы туған күнін дүркіретіп атап өтті

13 Сәуір 2023, 13:25 2084

Қайрат Нұртастың анасы әрі продюсері Гүлзира Айдарбекова 55 жасқа толған туған күнін туған-туыстары мен әріптестерінің ортасында дүркіретіп атап өтті, деп хабарлайды El.kz.

Кештің суреттері мен видеолары әлеуметік желіде тарады.  

55 жасқа толған продюсер төл мерекесін мейрамханада тойлаған. Іс-шарадан видео салған ол өзін құттықтағандарға алғысын жеткізді.

Ал кіші ұлы Заңғар анасын туған күнімен құттықтап: «Көз жасыңыз тек қуаныштан төгілсін», ­– деп сурет салды.

Мадина Асылбекова
Бөлісу: