Қайрат Нұртастың алғашқы концертінен соң түскен суреті жарияланды

15 Ақпан, 16:29 1762

Әнші Қайрат Нұртастың анасы әрі продюсері Гүлзира Айдарбекова әлеуметтік желіде ұлының жас кезіндегі суретін жариялады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Сурет 18 жыл бұрын жасалған екен. Гүлзира Айдарбекова 2006 жылғы ескі суретті көпшіліктің назарына ұсынды, сурет Қайраттың Түркістандағы алғашқы концертінен соң түсірілген.

Қайраттың Түркістанда берген алғашқы концерттерінен соң түскен суреті. Қазір бұл қыздар ана болған шығар, сурет 18 жыл бұрын түсірілген екен, - деп жазды продюсер Instagram-да.

Бұған дейін Айдарбекова кенже келінін туған күнімен құттықтаған болатын

Мадина Асылбекова
Бөлісу: