Қайрат Нұртас бостандыққа шықты

20 Шілде, 01:20 3315

Ұшақтағы оқиғадан соң қамауға алынған әнші Қайрат Нұртас бостандыққа шықты. Өнер иесін ата-анасы, достары, тіпті жанкүйерлері қарсы алды, деп хабарлайды Otyrar.kz-ке сілтеме жасап El.kz ақпарат агенттігі.

Мен үшін алаңдап, қолдау білдіргендердің барлығына рахмет. Менде барлығы жақсы, – деді Қайрат Нұртас.

Әншінің анасы Гүлзира Айдарбекова түрмеге түскенін қаламайтынын айтып, барлығына қолдау көрсеткені үшін алғысын білдірді.

Естеріңізге сала кетейік, 5 шілде күні танымал әнші ұшақта танысымен жанжалдасып, оның соңы төбелеске ұласты. Қайрат Нұртас ұсақ бұзақылық жасағаны үшін Шымкентте 15 тәулікке қамалды.

Сот шешімімен келіспеген өнер иесі апелляциялық шағым түсірген. Бірақ шешім өзгеріссіз қалды.

Перизат Саденова
Бөлісу: