Қайрат Нұртас әйелінен ән арқылы кешірім сұрады

28 Желтоқсан 2023, 11:37 3548

Танымал отандық әнші Қайрат Нұртас жыл аяқталар тұста тыңдарманын жаңа бейнебаянымен қуантты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Өнер иесі көпшіліктің назарына «Кешір мені» әніне түсірілген бейнебаянды ұсынды. Көпшілік осылайша өнер иесі жұбайы Жұлдыз Әбдукәрімовадан кешірім сұрап отыр деп топшылады. Себебі соңғы уақытта екеуінің қарым-қатынасына қатысты түрлі қауесет айтылып жүрген.

Тыңдарманы да сүйікті орындаушысының туындыларын сағынып қалған секілді. Жазылған пікірлердің басым бөлігі әншінің дауыс ерекшелігін атап өткен. Арасында Жұлдыз екеуі бір шаңырақ астында тұрып, бірге қартайса екен деген тілегін жеткізгендер де бар.

Мадина Асылбекова
Бөлісу: