«Қайрат» футболшысы Еркебұлан Сейдахмет үйленді

15 Қараша 2023, 09:47 1615

«Қайрат» футбол клубының ойыншысы Еркебұлан Сейдахмет мұсылмандық некесін қиды, деп хабарлайды  El.kz ақпарат агенттігі.

Футболшының таңдауы актриса Нұрсұлу Ізбасароваға түскен. Олар 14 қараша күні мешітте некесін қиды. Екі жас осыдан алты жыл бұрын танысқан. Аяқдопшы тамыз айының соңында Алматының орталық стадионында өткен «Астанаға» қарсы ойында сүйіктісіне ұсыныс жасаған еді.

Нұрсұлу ізбасарованың Instagram парақшасына жүз мыңнан аса адам жазылған. Ол бұған дейін бірнеше жобаға түскен.

Мөлдір Қайнар
Бөлісу: