Қайрат Боранбаевтың бұрынғы компаниясы жаңа иесіне өтті

1 Қараша, 13:24 508

Қайрат Боранбаевқа тиесілі болған «АзияГаз Чунджа» ЖШС жаңа иесін тапты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

«Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ ЖШС-нің100 пайыздық қатысумен толық акционері болды.

KASE сайтында жарияланған «Самұрық-Қазына» қорының хатына сәйкес, «Азия Газ Чунджа» газ таратушы компаниясын қордың меншігіне беру туралы шешім 30 қыркүйекте қабылданған.

Айта кетейік, былтыр Қайрат Боранбаев тауарлық газды тасымалдау және сатумен айналысатын  «Азия Газ Чунджа» ЖШС-ін өз еркімен мемлекет меншігіне қайтарған еді. Оның нарықтық құны, Қаржы мониторингі агенттігінің (ҚМА) мәліметі бойынша, шамамен 14 миллиард теңге болады.

Мөлдір Қайнар
Бөлісу: