Қайрат Боранбаевты қамауда ұстау мерзімі ұзартылды

23 Қараша 2022, 20:19 1027

Бұл туралы Астана қалалық соты мәлім етті

Қайрат Боранбаевты күзетпен бұлпартпай ұстау шарасы тағы ұзартылды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

«2022 жылғы 12 қазанда Астана қаласының мамандандырылған ауданаралық тергеу соты күдікті Қайрат Боранбаевқа қатысты белгіленген күзетпен ұстау түріндегі бұлтартпау шарасының мерзімін 2 айға ұзартты», - деп атап өтті Астана қалалық сотының баспасөз қызметінен.

Естеріңізге сала кетейік, Қаржылық мониторинг агенттігі Қайрат Боранбаевтың үстінен квазимемлекеттік секторда аса ірі көлемде қаражат жымқыру фактісімен іс қозғап, изоляторға қамаған болатын.

EL.KZ
Бөлісу: