Қайрат Боранбаев Ұлттық паралимпиада комитетін қайта басқарады

3 Маусым, 10:43 972

Бизнесмен Қайрат Боранбаев Ұлттық паралимпиада комитетінің президенті болып қайта сайланды. Бұл туралы ол 1 маусым күні Instagram әлеуметтік желісіндегі парақшасында жазды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Мен Паралимпиада федерациялары өкілдерінің бірауыздан шешімімен ұлттық паралимпиада комитетінің президенті болып сайландым. Осы күні мен қолдағандардың бәріне алғыс айтқым келеді. Мен үшін бұл өте маңызды қызмет. Біз Қазақстанда паралимпиадалық қозғалысты дамыту жөніндегі ауқымды стратегиямызды іске асыру процесіндеміз. Соңғы жылдары қол жеткізген жетістіктерімізге қарамастан, жоспарымыз көп, - деді Қайрат Боранбаев.

Бизнесменнің айтуынша, қазір Париждегі Паралимпиада ойындарына қызу дайындық жүріп жатыр. Жыл соңына дейін Астанада жаңа жаттығу орталығының құрылысы басталмақ. Сондай-ақ «Тарлан» инклюзивті мұз айдынын қайта жаңарту жоспарлануда. Бұдан бөлек паралимпиадашыларға арналған заманауи тренажерлер сатып алынбақ.

Менің мақсатым-паралимпиадалық спорттың тиімді жүйесін құру және Қазақстанның өңірдегі спорттық көшбасшылығын нығайту. Осы жолда мені қолдайтындардың барлығына ризамын!, - деп атап өтті ол.

Ажар Лаубаева
Бөлісу: