Қайрат Боранбаев қайда жүр? Қаржылық агенттік өкілі жауап берді

22 Мамыр, 13:00 1113

Қайрат Боранбаевқа қатысты қылмыстық іс әлі тергеліп жатыр. Бұл туралы мәжіліс кулуарында Қаржылық мониторинг агенттігі төрағасының орынбасары Жеңіс Елемесов мәлім етті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Елемесовтың айтуынша, кәсіпкер үкіметке бүгінгі күнге дейін 134 млрд теңгеден астам қаражат қайтарған.

Жалпы негізгі қылмыстық істер бойынша 14,5 млрд теңге көлемінде залал өтелді. Ал кәсіпкердің өзі 120 млрд теңгені өз еркімен төледі. Сонда барлығы – 134,5 млрд теңге. Қылмыстық іс әлі тоқтатылған жоқ. Қайрат Боранбаев бюджет қаржысын жымқырды және салық төлеуден жалтарды деген күдік бойынша әлі тергеліп жатыр, – деді агенттік өкілі.

БАҚ өкілдері кәспкердің қазіргі таңда қайда жүргенін сұрады.

Басында Қайрат Боранбаев бас бостандығынан айыру жазасына кесілді. Бірақ кейін ол мемлекетке келтірілген залалды толық өтегесін, бас бостандығынан шектелді, – деді Жеңіс Елемесов.

Амангүл Тілейқызы
Бөлісу: