Қайрат Боранбаев екі аптадан кейін босап шығуы мүмкін

26 Қазан 2023, 11:49 1228

Қазіргі таңда Қайрат Боранбаевқа қатысты сот шешім қабылдаған. Сот шешімі заңды күшіне енген кезде қашан шығатыны анықталмақ. Бұл жөнінде бас прокурордың орынбасары Әсет Шындалиев айтты, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.

Бүгінгі таңда соттың шешімі қабылданды. Енді сот шешімі күшіне енгенін күтеміз. Бір аптадан кейін шығуы мүмкін, – деді Әсет Шындалиев.

Еске сала кетейік, 2023 жылдың 31 наурызында кәсіпкерге қатысты алғашқы сот шешімі шықты. Сот Қайрат Боранбаевқа мал-мүлкін тәркілеп, 8 жылға бас бостандығынан айыру жазасын кесті. Кейін Астана қалалық қылмыстық істер жөніндегі сот алқасы Қайрат Боранбаевқа қатысты алдында шығарылған сот үкімінің күшін жойды.

Тамыз айында өткен сот отырысы барысында кәсіпкер өзіне тағылған кінәні мойындап, процессуалдық келісім жасаған Боранбаевтың үкім мерзімі 8 жылдан 6 жылға қысқарған еді.

Кейіннен Қайрат Боранбаев сотқа дейінгі тергеп-тексеру аясында ол өз еркімен тергеумен ынтымақтасу ниеті туралы айтты. Боранбаевқа тиесілі компаниялар шетелден қайтарылған қаражат есебінен Білім беру инфрақұрылымын қолдау қорына 66 миллион АҚШ долларын, яғни 30 млрд теңгеден астам қаржы аударған еді.

Амангүл Тілейқызы
Бөлісу: