Қайрас Нұртас сотталуы мүмкін

5 Шілде, 10:35 10912

Танымал әнші Қайрат Нұртасұлы Айдарбековке қатысты ұсақ бұзақылық жасағаны үшін іс қозғалды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Ақпаратты Жоғарғы соттың байланыс бөлімі растады.

Астананың әкімшілік құқықбұзушылықтар жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотына ӘҚБтК-нің 434-бабының 2-бөлігі (жыл ішінде қайталап жасалған ұсақ бұзақылық) және ӘҚБтК-нің 73-баптың 1-1-бөлігі (денсаулыққа қасақана жеңіл зиян келтіру) бойынша Қ.А.-ға қатысты екі материал келіп түсті, - деді Жоғарғы соттағылар.

Көліктегі полиция басқармасының баспасөз қызметінің мәліметінше, «Алматы-Астана» рейсінің бортында ұсақ бұзақылық және денсаулыққа қасақана жеңіл зиян келтіру фактісі бойынша әкімшілік іс қозғалып, материалдар сотқа қарау үшін жолданды.

Ақмарал Ағзамқызы
Бөлісу: