Қай салада мамандарға 700 мың теңгеден бастап айлық төленеді

17 Шілде 2023, 11:21 1223

Маусым айында Электрондық еңбек биржасында 89,9 мың бос жұмыс орны және 54,5 мың түйіндеме орналастырылды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

ҚР ЕХӘҚМ баспасөз қызметінің мәліметінше, мамыр айымен салыстырғанда бос жұмыс орындарының саны 5,3%-ға, түйіндеме 26,7%-ға қысқарды.

Республика бойынша сұраныстың жалпы төмендеуі Түркістан (-3,4 мың бос жұмыс орны), Жамбыл (-1 мың бос жұмыс орны) және Атырау (-850 бос жұмыс орны) облыстарында байқалған.

Маусым айының қорытындысы бойынша жұмыс берушілер жабдықтарды сынау және режимдік реттеу бойынша басшыларға (орта есеппен 700 мың теңгеден бастап), it-дизайнерлерге (566 мың теңгеден бастап) және құрылыс-монтаждау жұмыстарының инспекторларына (550 мың теңгеден бастап) ең жоғары жалақы мөлшерін ұсынуға дайын болды. Сонымен қатар, ізденушілер арасында сауда саласындағы бөлім бастықтары (1,9 млн теңгеден бастап), кредиттік инспекторлар мен бас директорлар (1,4 млн теңгеден бастап) жоғары жалақы сұрады.

Мадина Асылбекова
Бөлісу: