Қай өңірлерде 45 градус аяз сақталады?

20 Ақпан, 09:43 4611

«Қазгидромет» 20 ақпандағы ауа райына болжам жасады, деп хабарлайды EL.kz ақпарат агенттігі.

Синоптиктердің болжамынша, республиканың басым бөлігінде жауын-шашынсыз аязды ауа-райы күтіледі.

Тек елдің батысында, оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында атмосфералық фронтальды бөлімдердің өтуімен қарлы бұрқасынмен қар сақталады.

Оңтүстікте, оңтүстік-шығыста, орталықта-желдің күшеюі, елдің батысында, оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында-тұман болады.

Жетісу облысында 30-35 градус, Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында 45 градус қатты аяз сақталады.

Мөлдір Қайнар
Бөлісу: