Қай өңірде ұрлық көп жасалады? Бас прокуратура ұры-қары көп аймақтарды атады

27 Қыркүйек 2023, 09:26 650

Бас прокуратура Құқықтық статистика және арнайы есепке алу комитетінің статистикалық деректерін жариялады, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.

Қазақстанда 2023 жылдың 8 айының қорытындысы бойынша  ұрлық (Қылмыстық кодекстің 188-бабы) 28,2%-ға төмендегені байқалады (өткен жылғы 42 752 іске қарсы 30 173 іс).

Аймақ бойынша ұрлық ең көп: 

Алматы қаласы - 7154,

Астана қаласы - 3541,

Алматы -2197,

Қарағанды - 2114,

Қостанай – 1519, 

Ақтөбе -1413, облыстарында және 1447-сі

 Шымкент (қ) орын алған.

Ұялы телефондар ұрлығы 11,3%-ға төмендеді.

Еліміз бойынша барлығы 7967 (8984) аталған қылмыстық құқықбұзушылық тіркелген.

Олардың басым бөлігі:

Алматы (қ)- 2287,

Астана (қ) - 844,

Алматы - 576,

Қарағанды - 527,

Ақтөбе - 424,

Абай – 431, облыстарында және

Шымкентте – 467 орын алған.  

Автокөлік ұрлығы бойынша да төмендеу байқалады, барлығы 197 қылмыстық құқықбұзушылық тіркелді, бұл өткен жыл кезеңімен салыстырғанда 14,3%-ға аз.

Пәтер ұрлығы бойынша да қылмыстың 3303-тен 2707-ге немесе 18%-ға төмендеу динамикасы байқалады.

Мал ұрлығы фактісі бойынша 960 қылмыстық құқық бұзушылық тіркелді, төмендеу 17,7%-ды құрайды.

Мал ұрлығы фактілерінің көпшілігі:

Алматы -172,

Батыс Қазақстан – 124,

Түркістан -124,

Жетісу - 93,

Жамбыл – 68,

Абай - 66 облыстарында тіркелген.

 

Ақмарал Ағзамқызы
Бөлісу: