Қай өңірде күріш қымбаттады

28 Наурыз, 18:00 677

Ұлттық статистика бюросы 2024 жылдың ақпанында күріш бағасы жылдық мәнде 26% өскенін мәлім етті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

ҚР бойынша бұл өнімнің орташа бағасы бір келісіне 678 теңгені құрады, күріштің ең жоғары бағасы Ақтауда – келісіне 906 теңге, ал Талдықорған тұрғындары күрішті ең төмен бағамен сатып ала алады – 483 тг/кг.

Қарақұмық бағасы жылдық мәнде 24,3% төмендеді. Қазақстан бойынша бір келінің орташа бағасы 541 теңгені құрады. Қарақұмық қымбатшылығы Ақтауда тіркеліп отыр – 880 теңге тг/кг, ал ең төменгі баға Ақтөбеде – 393 тг/кг.

Сұлы жармасы бір жылда 3% қымбаттады, бір келінің орташа бағасы ақпанда 669 теңгені құрады. Алматыда бұл өнім ең қымбат – 784 тг/кг, ал ең төменгі баға Қарағандыда тіркелді – 438 тг/кг.

Арпа бағасы бір жылда 2,8% көтерілді, Республика бойынша бұл жарма түрінің орташа бағасы келісіне 394 теңге. Арпаның ең жоғары бағасы Ақтауда – 1кг 616 теңге, ал ең арзаны Қонаевта – 305 теңгеден.

Ақмарал Ағзамқызы
Бөлісу: