Италияда бойжеткеннің өлімінен соң наразылық акциялары өтті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Италияда 22 жастағы студент қызды жігіті асқан қатыгездікпен өлтірген. Бұл жайт елде наразылық акцияларының толқынын тудырды.
Euronews мәліметінше, оқиғадан соң әйелдерге қатысты тұрмыстық зорлық-зомбылық мәселесі қызу талқылана бастады.
Нәтижесінде Италия Парламенті жедел түрде әйелдерді қорғаудың қосымша шараларын қарастыратын жаңа заңды мақұлдады.
Басылымның хабарлауынша, Италияда жыл басынан бері тұрмыстық зорлық-зомбылықтан 100-ден астам әйел көз жұмған.
Жаңа Еуропа газетінің хабарлауынша, 11 қарашада Италияның Падова қаласында 22 жастағы Филиппо Туретта өзінің бұрынғы сүйіктісі 22 жастағы Джулия Чекеттинді өлтірген. Жігіт бойжеткенді 20-дан астам рет пышақтаған. Полиэтиленге оралған әйелдің денесі бір аптадан кейін ғана көл жағасындағы арықтан табылды. Қылмыс қыздың үйінен 150 метр қашықтықта болған.
Қылмыс орнында полиция зардап шеккен адамның қанын, шашын және жігіттің қыздың аузына жапсырған таспасын тапты.
Ең сорақысы, жігіт пен қыздың кикілжіңін көрген адамдар полицияға хабарлаған, алайда олар хабарламаға жауап бермеген.
Филиппо Туреттаны 19 қарашада Германия полициясы ұстады. Ол өз қылмысын мойындады.