Қатты жауған жаңбырдың салдарынан Пәкістанда 29 адам қайтыс болып, 50 адам зардап шекті, деп хабарлайды EL.kz ақпарат агенттігі.
Жаңбырдан үйлер құлап, көшкін жүріп, жолдар жабылды. Әсіресе елдің солтүстік-батысында орналасқан Хайбер-Пахтунхва провинциясы зардап шеккен.
Соңғы мәліметтер бойынша, бейсенбі кешке Хайбер-Пахтунхва провинциясында ауа райына байланысты оқиғадан шамамен 23 адам қайтыс болды. Су тасқыны салдарынан елдің оңтүстік-батысындағы Белуджистан провинциясында тағы 5 адам қаза тапты.