Қатерлі ісікке шалдыққан Кейт Миддлтонның жағдайы қалай екені анықталды

11 Мамыр, 08:31 759

Уильям ханзада өзінің әйелі – Уэльс ханшайымы Кэтриннің жағдайы туралы айтты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Жұбайының денсаулығына қатысты сауалға ол 10 мамыр күні Sky News телеарнасының эфирінде жауап берді.

Оның жағдайы жақсы, – деді ханзада Хью-Таун қаласындағы ауруханаға барған кезде берген жауабында.

Естеріңізде болса, наурыз айында Кейт Миддлтонның қатерлі ісікке шалдыққаны белгілі болды. Ханшайымның өзі видео арқылы қолдау білдіріп жатқан жандарға алғысын жеткізді.

Зарина Арман
Бөлісу: