Қатарда футболдан әлем чемпионатының ашылу салтанаты өтті

20 Қараша 2022, 21:19 1552

Ойындар 5 қалада орналасқан 8 стадионда болады

Қатар елінде футболдан әлем чемпионатының ресми ашылу салтанаты өтті, деп хабарлайды El.kz

Биылғы әлем чемпионаты алғаш рет қыс мезгілінде өтіп жатыр. Ойындар 5 қалада орналасқан 8 стадионда болады. 

FIFA мәліметінше, Әлем кубогінің жүлде қоры - 440 млн доллар. Жеңімпаз тұғырына көтерілген құрама - 42, күміс жүлдегер - 30, 3-орын иегері 27 млн долларға қол жеткізеді. Ал 4-орын иегері - 25, 5-8 орын алғандардың әрқайсысы - 17, 9-16 орын аралығында болғаны - 13, 17-32 орындағылар 9 млн доллардан алады.

EL.KZ
Бөлісу: