Қатарда өтіп жатқан футболдан әлем чемпионатында Хорватия құрамасы қола жүлдегер атанды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Дохада Хорватия мен Марокко құрамалары қола жүлде үшін бақ сынасты.
Хорватиялық командасынан қорғаушы Йошко Гвардиол 5-ші минутта есеп ашты. Екі минуттан соң марокколықтар тарапынан қорғаушы Ашраф Дари есепті теңестірді. 42-ші минутта хорватиялықтар тағы бір гол соғып, алға шықты.
Ойынның екінші таймында есеп өзгермеді.
Нәтижесінде 2:1 есебімен Хорватия құрамасы әлем чемпионатының қола жүлдегері атанды.
18 желтоқсанда сағат 21:00-де чемпионаттың финалы өтетіні белгілі. Аргентина мен Франция кубокқа таласады.