Қатардағы футболдан әлем чемпионатында Бразилия құрамасы Камеруннан жеңіліп қалды, деп хабарлайды El.kz.
Алайда бұл жеңіліс бразилиялықтарға G тобында үздік команда атанып, плей-оффқа өтуге еш кедергі келтірмеді.
Ойын 1:0 есебімен аяқталды. Допты қақпаға Венсан Абубакар салды. Қатты қуаныштан жейдесін шешкен футболшы бұл әрекеті үшін «сары карточка» алып, алаңнан қуылды.
Бразилия құрамасы жалпы 6 ұпай жинап, келесі кезеңге жолдама алды. Турнирдің 1/8 финалында Оңтүстік Корея құрамасымен бақ сынасады.