Президент Во Ван Тхыонг Президент сарайында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевты салтанатты түрде қарсы алды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Ақорда мәліметінше, құрмет қарауылының бастығы екі ел басшыларына рапорт беріп, Қазақстан мен Вьетнамның мемлекеттік әнұрандары шырқалғаннан кейін Қасым-Жомарт Тоқаев пен Во Ван Тхыонг бір-біріне ресми делегациялардың құрамын таныстырды.
Содан кейін президенттер келіссөз залына өтті.