Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев бүгін Солтүстік Қазақстан облысына жұмыс сапарымен барады. Бұл туралы Ақордаға сілтеме жасай отырып El.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Президент өңірдегі көктемгі егіс науқанымен танысып, ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілермен кездеседі, сондай-ақ әлеуметтік нысандарды аралап көреді.
Президент 30 мамыр күні Ақордада бірқатар мемлекеттің елшілерінен сенім грамоталарын қабылдайды.
Қасым-Жомарт Тоқаев 2 маусымда Қырғызстанның Шолпан-Ата қаласында өтетін екінші «Орталық Азия – Еуропалық одақ» саммитіне қатысады деп жоспарланып отыр.