Мемлекет басшысы Руанда Президентіне құттықтау жеделхатын жолдады, деп хабарлайды Ақордаға сілтеме жасап El.kz ақпарат агенттігі.
Қасым-Жомарт Тоқаев Поль Кагамені Руанда Президенті лауазымына қайта сайлануымен құттықтап, елінің өркендеуі жолындағы бастамаларына табыс тіледі.