Қазақстан Президенті Қазан қаласына жұмыс сапарымен барды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Сапар аясында Мемлекет басшысы «Болашақтың ойындары» халықаралық турнирінің ашылу рәсіміне қатысады, сондай-ақ бірқатар кездесу өткізеді.
Айта кетейік, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 21 ақпан күні Қазан қаласында өтетін «Болашақтың ойындары» халықаралық турнирінің ашылу рәсіміне қатысу үшін Ресей Федерациясына жұмыс сапарымен баратынын жазған едік.
Аталған іс-шараға Беларусь, Қырғызстан, Тәжікстан және Өзбекстан президенттері, сондай-ақ басқа да бірқатар мемлекеттің өкілдері қатысады деп жоспарланып отыр.