Қасым-Жомарт Тоқаев Португалия Президенті Марселу Ребелу де Соузамен келіссөз жүргізді

20 Қыркүйек 2023, 05:11 545

Мемлекеттер басшылары екі елді достық қатынастар мен өзара тиімді ынтымақтастық байланыстыратынын атап өтті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Тараптар инвестиция, су ресурстарын басқару, туризм және басқа да салалардағы жан-жақты қатынастарды одан әрі арттыру үшін зор әлеует бар екенін айтты. Цифрландыру саласындағы өзара іс-қимылды нығайту мәселелеріне ерекше назар аударылды.

Сіздің елдің IT саласындағы тәжірибесі мол. Осы бағыттың болашағы зор екенін ескере отырып, мен Лиссабонға бірлескен жобаларды іске асыру мүмкіндігін зерделеу үшін арнайы делегация жіберемін. Қазақстан португалиялық серіктестермен тығыз байланыс орнатуға мүдделі, – деді Қазақстан Президенті.

Сонымен қатар тараптар халықаралық күн тәртібіндегі өзекті мәселелерді талқылады.

Жаһандық ұйымдар аясында, ең алдымен, БҰҰ шеңберінде өзара іс-қимылды жалғастыру туралы уағдаластыққа қол жеткізілді.

Перизат Саденова
Бөлісу: