Қасым-Жомарт Тоқаев Иран президентімен телефон арқылы сөйлесті

22 Шілде, 14:51 1172

Мемлекет басшысы Иран Ислам Республикасының жаңадан сайланған президенті Масуд Пезешкианды жеңісімен құттықтап, жауапты мемлекеттік қызметіне табыс тіледі, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Әңгімелесу барысында екі ел басшылары қазақ-иран қатынастарын одан әрі нығайтуға өзара ниетті екенін растады.

Тараптар сауда-экономикалық, көлік-логистикалық және мәдени-гуманитарлық салалардағы ынтымақтастықтың қазіргі жай-күйі мен даму перспективаларын талқылады. Сондай-ақ өңірлік және халықаралық күн тәртібіндегі өзекті мәселелер жөнінде пікір алмасты.

EL.KZ
Бөлісу: