Қасым-Жомарт Тоқаев хорват халқын ұлттық мерекесімен құттықтады

30 Мамыр, 12:11 601

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Зоран Милановичті және барша хорват халқын Хорватия Республикасының ұлттық мерекесі – Мемлекеттілік күнімен құттықтап, жеделхат жіберді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі. 

Бүгінде Хорватия Еуропа Одағының белсенді мүшесі ретінде өзінің тұрақты даму, халықтың әл-ауқатын жақсарту және халықаралық қауымдастықтағы беделін арттыру жолында елеулі жетістіктерге қол жеткізіп келеді. Осы ретте мемлекетіңіздің әрі қарай қарыштап дамуына, мерейінің әрқашан үстем болуына тілектеспін. Астана мен Загреб арасындағы мазмұнды саяси диалог пен дәстүрлі достыққа сүйене отырып, ынтымақтастығымыздың аясы жылдан-жылға кеңейіп жатқанын ризашылықпен атап өтемін. Бірлескен күш-жігеріміздің арқасында елдеріміздің сан қырлы байланыстары болашақта одан әрі нығая түсетініне сенімдімін, – делінген жеделхатта.

Қасым-Жомарт Тоқаев Хорватия президентінің аса жауапты қызметіне толайым табыс, достас хорват халқына құт-береке тіледі.

Ажар Лаубаева
Бөлісу: