Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанға ресми сапармен келген Еуропалық Кеңестің Президенті Шарль Мишельді «Ақорда» резиденциясында қарсы алды, деп хабарлайды El.kz
Еуропалық Кеңестің Президенті Шарль Мишель Қазақстанға ресми сапармен келеді.
Сапар бағдарламасында өзара мүддені көздейтін мәселелерге қатысты екіжақты келіссөз жүргізу қарастырылған.
Сондай-ақ осы күні Астанада Орталық Азия мемлекеттері басшылары мен Еуропалық Кеңес Президентінің кездесуі жоспарланып отыр.