Қасым-Жомарт Тоқаев Елена Рыбакинаны жеңісімен құттықтады

7 Қаңтар, 14:21 1266

Бұл туралы Президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәли мәлім етті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев даңқты теннисші, Уимблдон турнирінің чемпионы Елена Рыбакинаны Австралияда өткен беделді жарыстағы сенімді жеңісімен құттықтап, жаңа белестерді бағындыра беруіне тілектестік білдірді, - деп жазды Берік Уәли.

Айта кетейік, Елена Рыбакина Брисбенде (Австралия) өткен WTA 500 сериясы турнирінде жеңіске жетті.

Жансая Әділбек
Бөлісу: