Қасым-Жомарт Тоқаев Digital Bridge форумына қатысып жатыр

12 Қазан 2023, 10:28 753

Мемлекет басшысының Digital Bridge форумындағы баяндамасы басталды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Биыл Digital Bridge форумына 20 мыңнан астам адам жиналды. Оның ішінде 300-ден астам IT компанияның өкілдері және 30 елден келген делегация бар.

Президент алдымен форумның маңызына тоқталып, қызығушылық жылдан-жылға артып келе жатқанын айтты.

Кейінгі бес жылда бұл форум IT индустриясының соңғы үрдістері мен даму перспективаларын талқылауға арналған Орталық Азиядағы ең ірі алаңға айналды. Әдеттегідей Форумға қызығушылық жоғары. Бұл Қазақстанның Еуразия кеңістігінде жетекші әрі маңызды цифрлық және қаржылық технология хабы екенін тағы да нақтылай түседі, - деді Тоқаев.

Мадина Асылбекова
Бөлісу: