Қасым-Жомарт Тоқаев Бакуде Түркі мемлекеттері ұйымының бейресми саммитіне қатысады

6 Шілде, 10:40 1210

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Түркі мемлекеттері ұйымының бейресми саммитіне қатысу үшін Әзербайжан Республикасына жұмыс сапарымен келді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі Ақордаға сілтеме жасап. 

Мемлекет басшысын Физули қаласының әуежайында Әзербайжан Республикасы Премьер-министрінің бірінші орынбасары Ягуб Абдулла оғлы Эюбов қарсы алды.

Шуша қаласында өтетін саммит қорытындысы бойынша бірқатар құжатқа қол қойылады деп жоспарланып отыр.

Жансая Тәуекелқызы
Бөлісу: