Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев өз мәлімдемесінде қоғамға қойылатын басты үш талабын атап өтті. Президенттің айтуынша, елдің болашағы – әр азаматтың жауапкершілігі мен адалдығына тікелей байланысты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Бірінші талабым – бәріміз адал жұмыс істеуіміз керек. Екінші талабым – бәріміз озық ойлы болуымыз қажет. Үшінші талабым – жастарымызға дұрыс білім мен тәрбие беріп, оларға жол ашуымыз керек, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.
Сонымен қатар, Мемлекет басшысы Маңғыстау облысының дамуына ерекше назар аударып, өңірді еліміздің жедел дамуының үлгісі ретінде көрсету қажеттігін айтты.
Облыстың әлеуеті зор. Соны тиімді пайдаланбасақ, бәрімізге кешірілмес күнә болады, – деді Президент.
Мемлекет басшысы сөзінің соңында барша азаматтарға алғыс білдіріп, ел болашағы үшін бірлесе жұмыс істеуге шақырды.