Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Алматы облысына жұмыс сапарымен барды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Сапар аясында Президент «Батыл тойтарыс – 2023» әскери оқу-жаттығу жиынына қатысады, сондай-ақ өңірде бірқатар нысанды аралап көреді деп жоспарланып отыр.
Айта кетейік, 1 қыркүйекте Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Әділетті Қазақстанның экономикалық бағдары» атты Қазақстан халқына жолдауын жариялаған еді.