Қаскелең ауруханасында түсірілген кадрлар жұртты шошытты

20 Ақпан, 11:18 1070

Қаскелең жұқпалы аурулар ауруханасында түсірілген кадрлар елді шошытты, деп хабарлайды EL.kz ақпарат агенттігі.

Бейнежазба авторы мекеменің қорқынышты фильмнің үзіндісі сияқты екенін айтады.

Қарасай ауданындағы жұқпалы аурулар ауруханасы... Қызылша жұқтырған балалардың қандай жағдайда жатқанын қараңыздаршы. 80 адамға бір дәретхана мен бір раковина... , - делінген видео сипаттамасында.

Қарасай ауданының тұрғындары мекеменің неше жылдан бері жөндеу көрмегенін айтады.  Аурухана әкімшілігі жұқпалы аурулар ауруханасын күрделі жөндеуге арналған жобалау-сметалық құжаттама әзірленіп жатыр дейді.

Ескі корпус жөндеу жұмыстарын жүргізу үшін босатылды. Жұқпалы ауруға шалдыққан науқастар санының өсуіне байланысты олар осы үй-жайларды уақытша пайдалануға мәжбүр болды,  - деп хабарлады әкімшілік.

Жағдай тұрақталғаннан кейін пациенттер басқа бөлімшелерге орналастырылған.

 
 
 
 
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Публикация от интернет-СМИ «Kris P Official» (@kris__p__official)

Мөлдір Қайнар
Бөлісу: