Қаржылық мониторинг агенттігі өткен жылғы жұмысты қорытындылады

23 Қаңтар 2023, 12:34 1559

Қаржылық мониторинг агенттігі 2022 жылғы жұмысты қорытындылады, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.

 Бизнесті қылмыстық процеске тартуды азайту жүйелі жүргізілуде. Нәтижесінде тіркелген істер саны жыл сайын тұрақты төмендеуі тіркелуде.

Соңғы 4 жылда олардың саны екі еседен астамға, 2021 жылмен салыстырғанда – төрттен бір бөлегіне қысқарды. Соттар тергеушілердің әрекеттеріне түскен шағымдарды 20%-ға аз қанағаттандырды.  Бұл ретте, негізгі назар көлеңкелі бизнеске қарсы іс-қимылға бағытталған, мұндай істердің тіркелген материалдардың жалпы санының үлесінен 70%-дан асады (бұл істер бойынша мүлікке тыйым салуды ескере отырып, 97 млрд теңгеден астамы өтелді).

Лудоманияның алдын алу (ойынға тәуелділік) аясында 110 заңсыз ойын мекемесі жойылды. Азаматтарды заңсыз алкоголь өнімін пайдаланудан қорғау мақсатында 44 жасырын цехтың жұмысы тоқтатылды (айналымнан 1,5 млн бөтелке контрафактілі алкоголь және 99 мың литр спирт және құрамында спирті бар өнімдер алынды).

Қабылданған шаралар кешені көлеңкелі экономика деңгейінің 21,5% болжамды мәнімен 19,7%-ға дейін төмендеуіне оң әсер етті. Қаржылық барлаудың аналитикалық материалдары бойынша жалпы айналымы 4,6 млрд теңгені құрайтын және 27 мыңнан астам сатып алушылары бар есірткі сататын 22 интернет-дүкен әшкереленді. Берілген ақпарат негізінде полиция 10 іс қозғады, 17 адам ұсталды (500 дозадан астам есірткі тәркіленді, оның ішінде 3 кг синтетикалық)./ 29 қаржы пирамидасы жойылды, жәбірленушілерге 8,3 млрд теңгеге залал өтелді.

Азаматтарды алаяқтық схемаларға тартуға жолын кесу үшін олардың қызметін жарнамалайтын 13 мың интернет-сілтемелер мен аккаунттар бұғатталды. Қазірдің өзінде тартылған азаматтардың атына 19 мың ескертулер жіберілді. Бұл 15 мың адамның қаржылық пирамидалары аккаунттарынан бас тартуына ықпал етті. Компанияларды қаржы пирамидасының белгілеріне тексеру үшін «Telegram-бот» енгізілді (азаматтардан 1 мыңнан астам өтінім түсті, олардың 900 шамасында қаралды).

Сонымен қатар, жұмыс оларды ерте анықтауға бағытталған. Экономикалық ресурстардың заңсыз шоғырлануын анықтау бойынша жұмыс шеңберінде 69 іс тіркелді. 215 млрд теңгеге залалды (тыйым салуды ескере отырып) өтеуге шаралар қабылданды. Бүгінгі таңда жалған шот-фактураларды жазу, бюджет қаражатын ұрлау және қаржы пирамидалары сияқты қылмыстардың түрлері жасанды интеллект элементтерін қолдану арқылы анықталады.

Бұл сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін жояды және адал бизнесті заңсыз араласудан қорғауды қамтамасыз етеді. Агенттік жобалық басқару құралдарын белсенді түрде енгізуде.

Екінші жыл қатарынан Агенттік жобалары «Qazaqstan Project Management Awards-2022» республикалық байқауында орталық мемлекеттік органдар арасында көшбасшы орынға ие болды (2022 жылы жалпы командалық 1 орын). Агенттік Төрағасының бірінші орынбасарының кандидатурасы Эгмонт Тобындағы (Белоруссия, Қазақстан, Қырғызстан, Ресей, Тәжікстан, Түркменстан, Өзбекстан) Еуразия өңірлік тобының өкілі ретінде қосылды.

EL.KZ
Бөлісу: