Қаржы пирамидасын құрғандар шартты түрде бас бостандығынан айырылды

29 Қазан, 13:49 401

Ақтөбе облысында «World Business Consulting» атты қаржы пирамидасының ұйымдастырушылары сотталды,  деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Қаржылық мониторинг агенттігінің хабарлауынша, олар өздерін халықаралық инвестициялық компания өкілдері ретінде таныстырып, тұрғындарды шетелде жаңа пәтер мен көлік сатып алуға қызықтырған.

Заңсыз әрекеттен олар 60 миллион теңгеге жуық шығын келтірген. Бұл іс бойынша 2 азамат бес жылға шартты түрде бас бостандығынан айрылды. Ал жәбірленушілерге шығын толықтай өтелді, – делінген агенттік хабарламасында.

Айта кетейік, жыл басынан бері қаржы пирамидаларын құру және басқару фактілері бойынша 62 қылмыстық іс аяқталған.

Мөлдір Қайнар
Бөлісу: