Қаржы министрлігі Наурыз мейрамы қарсаңында спартакиада өткізді

20 Наурыз 2023, 13:51 882

 Қаржы министрлігінің құрылымдық бөлімшелері, ведомстволары мен ведомствоға қарасты ұйымдарының қызметкерлері арасында Наурыз мейрамына орай ұйымдастырылған спартакиада өтті, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.

Бұл туралы министрліктің ресми сайтында жарияланды.

 Спартакиаданың мақсаты мемлекеттік қызметшілер арасында салауатты өмір салтын насихаттау, бұқаралық спортты насихаттау және дамыту болып табылады.

Спартакиадаға 200-ге жуық қызметкер қатысады. Командалар спорттың 6 түрінен жарысты: футзал, волейбол, шахмат, тоғызқұмалақ, үстел теннисі және жеңіл атлетика.

Жарыстың қорытындысы бойынша спартакиаданың жеңімпаздары мен жүлдегерлері:

футболдан бірінші орынды Министрліктің Орталық аппарат командасы, екінші орынды Проблемалық кредиттер қоры командасы, үшінші орын Ішкі мемлекеттік аудит комитетінің командасы иеленді;

волейболдан бірінші орынға Проблемалық кредиттер қоры командасы, екінші орынға Орталық аппарат командасы,  үшінші орынға Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру командасы иеленді;

шахмат бойынша бірінші орынға Мемлекеттік кірістер комитеті, екінші орынға Проблемалық кредиттер қоры, үшінші орынға Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті ие болды;

тоғызқұмалақтан бірінші орынды Орталық аппарат, екінші орынды Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті, үшінші орынды Проблемалық кредиттер қоры иеленді;

үстел теннисінен командалық есепте бірінші орынды Орталық аппарат, екінші орынды Қазынашылық комитеті, үшінші орынды Мемлекеттік ірістер комитеті иеленді;

жеңіл атлетикадан командалық жарыста бірінші орынды Проблемалық кредиттер қоры, екінші орынды Орталық аппарат, үшінші орынды Қазынашылық комитеті иеленді.

Жалпы командалық есепте спартакиада көшбасшылыры: Орталық аппарат командасы (бірінші орын), Проблемалық кредиттер қоры командасы (екінші орын), Қазынашылық комитетінің командасы (үшінші орын).

EL.KZ
Бөлісу: