Қаржы министрі автонесие мен «7-20-25» бағдарламасына қатысты сұраққа жауап берді

14 Ақпан 2023, 12:12 1239

Жеңілдетілген автонесиеге және «7-20-25» бағдарламасына қатысты жағдайға байланысты ҚР Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев пікір білдірді, деп хабарлайды El.kz  ақпарат агенттігі.

Үкімет отырысының кулуарында Қаржы министріне журналистер сұрақ қойды. БАҚ өкілдері «Жеңілдетілген автонесие небәрі 700 адамға берілді. Ал «7-20-25» бағдарламасы бойынша айына тек 416 үй беру қарастырылған. Халық не үй алуға, не көлік алуға шамасы келмеді. Осы орайда бағдарламалар тым ұсақталып кеткен жоқ па?», - деп сұрақ қойды.

«Бұл бағдарламалар Ұлттық банктің қаржысынан жүзеге асырылады. Сондықтан бұл Ұлттық банкке қойылатын сұрақ деп ойлаймын. Жалпы үкімет тарапынан көптеген бағдарламаларды жүзеге асырып жатырмыз. Негізі бұл Отбасы банкі арқылы жүзеге асырылу керек бағдарлама. Бұл жастарға, көпбалалы аналарға, жергілікті атқарушы органдар арқылы әскери адамдарға арналған. Мемлекеттік қызметкерлерге мемлекеттік бюджет қаражатынан қаржыландырылатын азаматтар бұл дәрігерлер, мұғалімдер. Сондықтан мемлекет тарапынан көптеген жеңілдіктер мен шаралар атқарылып жатыр.

Бірақ барлық қаражатты автомобиль көлігін алуға немесе жеңілдетілген бағдарламаларға жібере алмаймыз. Себебі, басқада шешімін талап ететін мәселелер өте көп. Сондықтан барлығын жүйелі түрде қарастыруымыз керек», - деді Ерұлан Жамаубаев.

Миражан Махан
Бөлісу: