Қарыз алып кино түсірген Бағлан Әбдрайымов жаңа жобаға кірісіп кетті

4 Сәуір 2023, 13:16 1526

Кино саласында тәжірибе жинақтаған әнші Бағлан Әбдрайымов екінші фильмінің түсірілімін бастап кетті деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі. 

“Сыналу емес шыңдалу үшін жүрміз! Тағы бір істі қолға аламыз. Шешілмеген шаруа көп. Кешегі бастағалы тұрған жобамыз екінші кино еді. Оңай емес. Ырың - жырыңы көп болып кетті. Бұл жолы жыламаймыз, соңына дейін апарамыз. Тәуекел еттік! Қалғанын жүре көрерміз. Сәтті және тәтті болсын”. деп жазба жариялады әнші.

Өнер иесі “Басқа вариант жоқ” деп аталатын кезекті жобасында да халықтан қолдау күтетінін жеткізді. 

Бұл жолы желі қолданушыларының пікірі екіге бөлінді. Бірі Бағланның бастамасын қолдап, сәттілік тілеп жатса, енді бірі “көтере алмайтын шоқпарды беліңе байлама” деп кеңес берді.

“Құдайға сенгенің екі бүйірі шығады. Сәттілік”, “Бастама берекелі болғай”, “Іске сәт. Тек қана алға”, “Сәттілік, қайтпа, жеңімпаз”, “Алдынғы кино өз шығынын жаппаса, екіншісін түсіріп керегі не?”, “Ән айтып жүре бергенің жақсы еді”, “Киноны режиссерлер түсірсін”, – деп пікір қалдырды желідегілер.

 
 
 
 
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Публикация от 𝐁𝐀𝐆𝐋𝐀𝐍 𝐀𝐁𝐃𝐑𝐀𝐈𝐌𝐎𝐕 (@baglan_abdraimov_official)

 

 

EL.KZ
Бөлісу: