Қарулы күштердің спортшысы Еуропа чемпионатынан күміс медальмен оралды

25 Тамыз 2023, 06:30 859

Алматыда Чехияда өткен су астында жүзуден еуропалық біріншілікте табысты өнер көрсеткен әскери қызметші Шахноза Құрбанованы салтанатты түрде қарсы алды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Еуропаның XXXI су асты бағдарлау чемпионатына қатысқан ефрейтор Құрбанова «МОНК» жаттығуында екінші орын олжалады. Бұл су астында бағдарлаудың ең күрделісі.

Стартердің белгісімен төреші спортшыларға баллонға бекітіліп картографқа салынған пластикалық картаны береді. Әрі қарай, спортшы курсты (градус) және метрді алып тастап, бағдарға дейін екі метр тереңдікте жүзеді. Осылайша, ол бес бағдарды бекітуі керек. Жеңімпаздар мен жүлдегерлер келген уақытына қарай анықталады.

Су астындағы бағдарлау бойынша халықаралық дәрежедегі спорт шебері ефрейтор Шахноза Құрбанова – осы күрделі жаттығуда әлемдегі ең мықты спортшылардың бірі.  Ол 2008 – 2022 жылдардағы су асты бағдарлаудан және жылдам жүзудан Қазақстан чемпионаттарының бірнеше дүркін жеңімпазы және жүлдегері. Оның жетістіктер қоржынында 71 республикалық және 18 халықаралық марапат бар.

Берік Арманов
Бөлісу: