Қарулы күштердің әскери қызметшілері "Тазару күні" акциясын қолдады

23 Наурыз, 19:46 653

"Наурызнаманың" соңғы күні Әуе қорғанысы күштерінің барлық әскери бөлімдері бүкілхалықтық экологиялық акцияға белсенді түрде қатысты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

ҚР Қарулы күштері Әуе қорғанысы күштері бас қолбасшысының орынбасарлары полковниктер Ержан Нілдібаев пен Талғат Сыздықов істерімен өзгелерге үлгі бола отырып, табиғатты аялауды, қолдауды көрсетті.

Тазару және жаңару Наурызнамның соңғы күні ғана емес. "Тазару күні" жаңа жылды ой тазалығымен және ұрпағымыз, жанымыздағы барлық адамдар үшін қолайлы жағдай жасау ниетімен бастауды білдіреді, – деді полковник Талғат Сыздықов.

Әскери қызметшілер өз гарнизонының аумағын қар мен қоқыстан тазалап, аулаларды, көшелер мен арықтарды да тазартты.

Перизат Саденова
Бөлісу: