Қарулы күштердің 2600-ден аса сарбазы Отанға адал болуға ант берді

27 Қараша 2022, 14:30 1201

«Оңтүстік», «Шығыс», «Астана» өңірлік қолбасшылықтарында, Әскери-теңіз күштерінде, сондай-ақ елорданың десанттық-шабуылдау құрамасында әскер қатарын жаңа толықтырғандардың ант қабылдау рәсімдері өтті. Салтанатты шарада 2600-ден астам сарбаз Отанға адал болуға ант берді, деп хабарлайды El.kz Қорғаныс министрлігіне сілтеме жасап. 

Іс-шараларға әскери бөлімдердің жеке құрамы, жергілікті атқарушы органдар, қоғам өкілдері, қарулы күштер мен жергілікті қақтығыстарға қатысқан ардагерлер, жас сарбаздардың туыстары мен жақындары қатысты.

«Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығында 1600-ден астам сарбаз ант берді. Таразда салтанатты шара «Жеңіс» қалалық саябағында өтті. Әскер қолбасшысы генерал-майор Мереке Күшекбаев сарбаздарды осындай елеулі күнмен құттықтады.

Бауыржан Момышұлы атындағы механикаландырылған құраманың жауынгерлері Жеңіс саябағында, батыр ескерткішінің жанында Отанына адал болуға ант беруі жауынгерлік дәстүрдің жалғасып келе жатқанын білдірсе керек. Отан алдындағы қызметтеріңді абыроймен атқарасыңдар деп сенемін, – деді генерал-майор Мереке Күшекбаев.

Командирлер шараға келген қонақтарды сарбаздар қызмет ететін жағдаймен таныстырып, олардың әскери қызмет төңірегіндегі сұрақтарына жауап берді.

EL.KZ
Бөлісу: