Астанада "Қарулы Күштер ардагерлері" республикалық қоғамдық бірлестігінің құрылған күні атап өтті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Ардагерлердің республикалық қоғамдық бірлестігі 2011 жылдың 21 маусымында құрылды. Бұл күнге 13 жыл толуына орай Ұлттық әскери-патриоттық орталығына Қарулы күштердің ардагерлері келді.
Мерекелік іс-шараға "Қарулы Күштер ардагерлері" РҚБ Астана филиалының мүшелері, "Ардагерлер ұйымы" РҚБ Орталық кеңесінің басшылығы, жастарды тәрбиелеу ісіне өз үлестерін қосып жүргендердің бәрі қатысты.
Оларға Астана қаласының қорғаныс істері жөніндегі департаментінің өкілі запастағы полковник Ғани Артықов құттықтау сөз сөйлеп, өз тәжірибесін жас ұрпаққа жеткізетін ардагерлер миссиясының маңыздылығын атап өтті.
"Ардагерлер ұйымы" РҚБ Орталық кеңесі төрағасының орынбасары Көпболсын Бекмағамбет әріптестерін айтулы күнмен құттықтады.
Кездесуге қатысушылар Кеңес Одағының Батыры, Қазақстан Республикасының бірінші қорғаныс министрі армия генералы Сағадат Нұрмағамбетовтың 100 жылдығына арналған фильмді тамашалады.
Қарулы күштердің қалыптасуы мен дамуына, елдің қорғаныс қабілетін нығайтуға қосқан үлесі үшін бірқатар ардагерлер "Сағадат Нұрмағамбетовке 100 жыл" естелік төсбелгісімен марапатталды.
Салтанатты жағдайда оларды "Қарулы Күштер ардагерлері" РҚБ елордалық филиалының төрағасы отставкадағы авиация генерал-майоры Алсай Жұманов және оның орынбасары отставкадағы полковник Жұма Тайжанов, контр-адмирал Ратмир Комратов, төсбелгіні әзірлеуші отставкадағы полковник Қайыр Дүнбаянов табыс етті.
Біздің бірлестіктің ардагерлері Қазақстан армиясының қалыптасуына баға жетпес үлес қосты, олар бүгінде қоғам мен елге пайдалы әрекет етуде. Әскерге шақырылуға дейінгі жастармен, сарбаздармен және келісімшарт бойынша әскери қызметшілермен кездесулерде оларға "Біртұтас ел – біртұтас жер" негізгі қағидатының мағынасын жеткіземіз, - деді отставкадағы авиация генерал-майоры Алсай Жұманов.