Қаруды заңсыз сақтаған жамбылдық 5 жылға сотталады

13 Наурыз 2023, 15:11 1170

Жамбыл облысының тұрғынынан заңсыз сақталған қару тәркіленді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Сарысу аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері Ақтоғай ауылының 61 жастағы тұрғынының үйінде тінту жүргізді. Тінту кезінде үйдің ауласынан 5,6 калибрлі ТОЗ-16 маркалы мылтық қаруы табылып, тәркіленді. Табылған қарудың тіркелмегені белгілі болды. Сот-баллистикалық сараптама тағайындалды. Ер адамның айтуынша, аталған қару бірнеше жылдан бері үйінде тұрған.

– Күдіктіге қатысты ешқайда кетпеу туралы бұлтартпау шарасы тағайындалды. Қазіргі уақытта ҚР ҚК 287-бабы 3-бөлігімен (Қаруды оқ-дәрілерді заңсыз сатып алу, беру, өткізу, сақтау, тасымалдау немесе алып жүру) бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды. Аталған баптың санкциясымен күдіктіге бес жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі жаза қарастырылған, – деп атап өтті Сарысу аудандық полиция бөлімінің бастығы Асхат Алметов.

EL.KZ
Бөлісу: