Қарқаралықтар саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алды

31 Мамыр 2023, 17:00 1260

Қарқаралы ауданында саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күніне орай «Қарқаралы – Алаштың алтын бесігі» атты республикалық дөңгелек үстел өтті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Жиында Ә.Бөкейхан атындағы Алаш ғылыми зерттеу институтының бастамасымен жарық көрген Мұстақым Малдыбай және алаш арыстарының тұлғасына қатысты кітаптардың тұсауы кесілді. Сондай-ақ Алаш қайраткері, жазушы, ұстаз, публицист Мұстақым Малдыбай тұлғасына арналған ескерткіш тақта ашылды.

Одан бөлек, зиялы қауым өкілдері мен қонақтар «Алаш арыстары» ескерткішіне тағзым жасап, гүл шоқтарын қойды.

Равиль Ашығали
Бөлісу: